Енді автомектептердің жұмысын Ішкі істер министрлігі бақылайды

0 11

Жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтарды оқытатын орталықтар да ІІМ-нің рұқсатымен жұмыс істейді. Үкімет қаулысы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Министрлік автомектептерге қойылатын талаптарды бекітіп, қай оқу орталығының жұмыс істеуге құқығы бар екенін анықтайды. Сондай-ақ жүргізушілерден емтихан алу, куәлік беру және көлік жүргізу құқығынан айыру немесе оны қайта қалпына келтіру тәртібін де құзырлы орган белгілейді.