Бердібек Сапарбаев Талас ауданына жұмыс сапарымен барды

0 24

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Талас ауданындағы бірқатар әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын және өндіріс орындарын аралап, инфрақұрылым жұмыстарымен танысты, – деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бердібек Сапарбаев ауданның өнеркәсіп саласындағы жетістіктерін оң бағалап, алайда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігін барынша пайдалана білу керектігін атап өтті.

Облыстық әкімдік тарапынан жерлерді тиімді пайдалану бойынша жүйелі тексеру жұмыстары ұйымдастырылып, егістіктерді суландыру жүйесін қалпына келтіру және суармалы алқаптарды ұлғайту шаралары қолға алынатынын баса айтты.

Өзінің қорытынды сөзінде облыс әкімі қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығын айрықша атап өтіп, тұрақтылық бар жерде ғана экономиканың өсуі мен өмір сүру сапасының артуына қол жеткізуге болатынын баса айтты.