Алматыда белгісіз біреулер қоғамдық орында өткір иісті баллон шашқан

0 317

Бұрыш баллонды шашқан бұзақының кім екені анықталып жатыр.

Алматыда белгісіз біреулер халық көп жиналатын Арбатқа көз ашытатын өткір иісті бұрышты баллонды шашып жіберген, деп хабарлады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы ақпарат Telegram-арналардың бірінде пайда болды.

Бейнежазбадан адамдардың тұншығып, жөтеліп жатқанын көруге болады.

Kazinform.kz мәліметінше, қалалық Полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Қоғамдық орында бұрыш баллонды шашқан бұзақының кім екені анықталып жатыр. Ол міндетті түрде жауапқа тартылады», — деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.