15 сәуірге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» синоптиктері 15 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты бүгін де елдің көп бөлігінде күн жаңбырлы болады.
Республиканың оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Ел аумағы бойынша найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде дауыл болады.