Астана, Алматы және тағы бес қала тұрғындарына ескерту жасалды
Қазақстандық синоптиктер Астана, Алматы және тағы бес қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 3 және 4 наурызда Алматы, Астана, Ақтөбе, Өскемен, Риддер, Қарағанды және Орал қалаларында ауадағы ластаушы заттардың таралуына метеорологиялық жағдайлар ықпал етеді.
Бұл қалаларда ауаның ластану деңгейі жоғары деңгейде болады.
Ластаушы заттарға: күкірт диоксиді, көміртегі тотығы, азот диоксиді, күкіртті сутек жатады. Жоғары концентрацияда бұл заттар улы болуы мүмкін, сондықтан адам ағзасына зиянды.
Қолайсыз ауа райы жағдайлары — ауаның жер қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (жел, тұман, инверсия) жиынтығы.