Алматыдағы базарда сауда бутиктері өртенді

0 8

Алматыда «Береке» базары аумағында өрт шықты, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, «Береке» сауда базары аумағында халық тұтынатын тауарлар сататын екі сауда бутигінде өрт шыққан.

«Өрт сағат 6:15-те оқшауланып, сағат 6:18-де сөндірілді. Өрт аумағы 50 шаршы метр болады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — деп хабарлады ТЖД.