Доллар бағамы күрт өсті

0 2

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 4,06 теңгеге өсіп, 453,93 теңгеге жетті, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

KASE мәліметінше, 9 қазандағы таңғы саудада АҚШ валютасының орташа сараланған бағамы 453,10 теңге болған.

Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар 456 теңгеден, ал Алматыда 457 теңгеден сатылды.

Ал Ұлттық банктің 9 қазанға белгілеген ресми бағамы 1 доллар үшін 448,94 теңге болып қалыптасты.