Елордадан бір түнде 23 мың текше метрден астам қар шығарылды

0 6

Елордада қарқынды қар тазалау жұмыстары жалғасып жатыр. Коммуналдық қызмет тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Таңертең қар тазалауға 2,1 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі «KAZINFORM» сайтына сілтеме жасап. 

Қалалық әкімдіктің ресми сайтының хабарлауынша, 4 наурыз күні таңертең қала бойынша қар тазалау бойынша 2,1 мыңнан астам жол жұмысшысы және 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмыс істеуде.

3 наурыздан 4 наурызға қараған түні қаладан 1,88 мың ауыр жүк көлеміне тең 23,4 мың текше метрден астам қар шығарылған.

Қыс басынан бері қаладан полигондарға 423,2 мың рейс, 5,7 млн текше метр қар шығарылды.