Баланың алғашқы құжаты

0 57

Баланың дүниеге келуі ең алдымен ата-ананың қуанышы және бүкіл әулеттің қуанышы. Осындай қуанышты сәтті бөлісе отырып, азаматтар баланың туу туралы куәлігін әзірлейді. Осы тұста куәлік әзірлеудің бірнеше түрі бар, яғни бір реттік келетін СМС арқылы, электрондық үкімет порталы арқылы және халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне келу арқылы. Бірақ қазіргі елдегі ахуалды ескере отырып, жоғарыда аталған бірінші екі жолмен тапсырған тиімдірек болады деп ойлаймыз.

Куәлік дайын бола салысымен азаматтар бірінші балабақша кезегіне қою, яғни мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою керек деген мәселеге көшеді. Қызметті онлайн алу үшін төмендегідей құжаттар тізімі қажет болады:

  1. Порталда авторизацияданөтіп, «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою. Аймақты таңдау, ЖСН немесе тегін, атын және баланың туған күнін, байланыс деректерін енгізу.
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) өңделген хабарламамен танысу. Кезекті әрі қарай қадағалау үшін «Балабақшаға кезек нөмірін қарау» қызметін пайдалануға болады.
  4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) МДБМ жолдаманы келісу туралы хабарламамен танысыңыз. Қажеттілігі болғанда пайдаланушының байланыс деректерін өзектілендіру.
  5. Жеке кабинетте жолдамамен келіскен жағдайда («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) МДБМ-не жолдамамен танысу.

Аталған қызмет түрі көрсетілетін қызметті берушіге, мемлекеттік корпорацияға, порталға жүгінген сәтінен бастап 30 минут уақыттарыңызды алады. Өз уақыттарыңызды үнемдеп, онлайн алу қызметі өте ыңғайлы.

Аталған қызмет түрі бойынша төмендегі азаматтарға жеңілдік қарастырылған:

Бірінші кезекті орынды алу құқығына ие:

  1. Мүгедек балалар.
  2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
  3. Жетім балалар.
  4. Көпбалалы отбасылардың балалары.
  5. Арнайы мемлекеттік органдардың балалары соның ішінде қызметтен өту кезінде із-түзсіз жоғалған немесе қайтыс болғандардың балалары.

Кезектен тыс орын алу құқығына ие:

Әскери қызметкерлердің балалары, соның ішінде қызметтен өту кезінде қаза болған, қайтыс болған немесе із-түзсіз жоғалғандардың балалары.

Осы тұрғада баланы қалай тіркеуге қою керек деген негізді сұрақ туындайды. Алайда 14 жасқа дейінгі балалар тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жатпайды. Себебі Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларының 3-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 Қаулысымен бекітілген) тұрғылықты жері бойынша тіркелуге 14 жасқа толған азаматтар жатады. Яғни  он төрт жасқа толмаған адамдардың (жас балалардың) немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жерi болып олардың заңды өкілдерінің тұрғылықты жерi танылады деп нақытылап көрсетілген. Сол себепті он төрт жасқа дейінгі балалардың тіркеуге қойылмайтынын азаматтар назарына жеткізгіміз келеді.

Ж. ЖАРЫЛҚАСЫН,

халыққа қызмет көрсету Жуалы аудандық бөлім маманы.

Жамбыл облысы.