БАЛАҒА ПАСПОРТ АЛУ

0 55

Емізіктер, памперстер, сылдырмақтар – бұның барлығы жас ата-анаға кішкентай баласымен саяхаттау үшін толық қажетті тізім емес. Ең маңыздысы — саяхатты алдын ала жоспарлау. Әлбетте балаларға да паспорт қажет, ал оны алу оңай.

Сәбиіңізбен бірге ХҚО-ға бірінші рет барғанда төмендегі құжаттар болуы қажет:

— туу туралы куәлік;

— ата-анасының біреуінің жеке куәлігі;

-8 АЕК көлемінде паспорт үшін мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек.

Ата-аналардың бірінің болуы міндетті. Ал егер олардың біреуінің басқа азаматтығы болса, баланың ҚР азаматының паспортын алуға нотариалды куәландырылған өтініш-келісімі қажет. Сондай-ақ еліміздің ХҚО-лары азаматтарды алдын ала брондау бойынша қабылдайды, сондықтан істерді алдын ала жоспарлаңыз.

Ә. АЙТҚҰЛҰЛЫ,

Халыққа қызмет көрсету бойынша Тараз қалалық №3 бөлімінің басшысы.

Жамбыл облысы.