Нұржігітова Гүлханыс Асқарқызының Сайлауалды Бағдарламасы
Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №5 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша Өзін-Өзі Ұсынған Кандидат Нұржігітова Гүлханыс Асқарқызының Сайлауалды Бағдарламасы
Мен, Гүлханыс Асқарқызы Нұржігітова,1969 жылы 16 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, (бұрынғы Ленин округіне) қарасты Аймантөбе ауылында дүниеге келдім.
1976-1986 жылдары Тараз қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы мектепті бітіріп шықтым.
1992 жылы Аймантөбе ауылында «Қант қызылшасында» ұжымда еңбек етіп, өзінің ұйымдастырушылық, іскерлік қасиеттерімді көрсете білдім.
1996 жылы Берікқара орта мектебінде тәлімгер болып жұмыс жасадым. 1999 жылы «Бахыт» шаруа қожалығын ашып, сол жылдан бастап қант қызылшасын өсірумен айналысып келемін.
2003 жылы Тараз қаласындағы «Болашақ» колледжін «Музыка пәнінің мұғалімі» мамандығына бойынша тәмамдадым.
Жергілікті халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік жағдайы осал топтарға көмек қолын созу, шаруа қожалықтарының ағын сумен қамтылуына және ауылдың көркеюіне үлесімді қосып келемін. Әрдайым қайырымдылық шараларына белсене атсалысып, балабақша мен ауылдық мешітке көмек беріп отырамын. 2016 жылы екі отбасыға, 2017 жылы 11 отбасыға жеке көмегімді беріп, қант қызылшасынан мол өнім алудың тәжірибесімен бөлістім.
2017 жылдан бері Аймантөбе ауылында 20 шаруа қожалығынан құралған «Жеті төбе» ауылдық өндірістік кооперативінің төрағасымын.
Сайлауалды бағдарламам
- Диқан ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтардың жұмыстарын оңтайландыруға ықпал етемін.
- Ауылшаруашылығы саласындағы барлық жеңілдіктерді пайдалануға үлесімді қосамын.
Ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген шаруалардың жұмысын жеңілдету, олардың өндірістік әлеуетін арттыру және жаңа мүмкіндіктерге жол ашу маңызды. Осы орайда мемлекеттік қолдау тетіктері мен жеңілдіктер туралы ақпараттың қолжетімді болуына, шаруалардың өз құқықтары мен мүмкіндіктерін тиімді пайдалануына ықпал етемін.
- Аймантөбе, Жеңіс ауылдарындағы көше жарықтарын орнатуға ықпал етемін.
Ауылдардың инфрақұрылымын дамытуда тұрғындардың күнделікті сұраныстары ескерілуі қажет. Осыған байланысты елдімекендердегі ішкі жолдардың жағдайын жақсарту, қоғамдық орындарды абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу жөніндегі ұсыныстарды да назарда ұстаймын. Ауылдың ажарын арттырып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдаймын.
- Диқан ауылында спорттық ангар салуға күшімді саламын.
- Аймантөбе, Жеңіс, Диқан ауылдарына балалар ойнайтын алаңдар салуға ықпал етемін.
Өскелең ұрпақтың алаңсыз балалық шағы мен жан-жақты дамуы үшін ауылдарда қолайлы орта қалыптасуы қажет. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, спортпен шұғылданып, түрлі танымдық іс-шараларға қатысуына мүмкіндік беретін жағдайларды көбейтуге күш саламын.
- Жеңіс ауылына 80 орындық мектеп құрылысын жүргізуге ықпал етемін.
Білім саласындағы өзекті мәселелерді шешу де басты назарымда болады. Мектептердің оқу жабдықтарымен қамтамасыз етілуі, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие берілуі, ұстаздардың нәтижелі еңбек етуіне қажетті жағдайлардың жасалуы жөніндегі ұсыныстарды тиісті мекемелерге жеткіземін.
- Аймантөбе, Жеңіс ауылдарына саябақтар салуға ықпал етемін.
- Диқан ауылының орталығында орналасқан саябақты қоршап, суару жүйесін орнатуға күшімді саламын.
- Округтегі мәдениет үйі мен ауылдық клубтарды күрделі жөндеуден өткізуге ықпал етемін.
Мәдениет-ауыл өмірінің рухани өзегі. Сондықтан мәдениет ошақтарының жұмысын жандандырып қана қоймай, ауыл тұрғындарының өнерге деген қызығушылығын арттыруға, жергілікті өнерпаздардың шығармашылығын дәріптеуге және түрлі мәдени-көпшілік шаралардың мазмұнды өтуіне қолдау білдіремін.
- Округтегі мектептердің спорт алаңдарын жақсартуға күшімді саламын.
- Ауылдық округтегі тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына қолдау білдіремін.
Әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтардың жағдайы әрдайым назарда болуы тиіс. Әсіресе, көпбалалы отбасылардың, жалғызбасты қарттардың және тұрмыстық қиындықтарға тап болған тұрғындардың өтініштерін назарға алып, олардың мәселелерінің шешілуіне құзырлы мекемелер арқылы ықпал етуге күш саламын.
- Аймантөбе ауылына балалар бақшасын салынуына ықпал етемін.
Алдағы уақытта округке қарасты әрбір ауылдың тыныс-тіршілігімен жіті танысып, тұрғындармен тұрақты байланыс орнатуды көздеймін. Елдімекендердің өзіне тән мәселелерін назардан тыс қалдырмай, халықтан түскен ұсыныстарды ортақ талқыға салып, олардың оң шешім табуына бар күш-жігерімді жұмсаймын.
Ауылдың өркендеуі-тұрғындардың бірлігі мен ортақ іске деген жанашырлығына байланысты.
Құрметті сайлаушылар!
Бір-бірімізді сеніммен қолдағанда ғана, жалпы жоспарларымыз бен идеяларымызды толық жүзеге асыра аламыз.
Елге қызмет етуден асқан бақыт жоқ. Жоғары да атап өткен бағдарлама менің алға қойған жоспарларым мен міндеттерім. Олардың бәрін бірлесе отырып шешуге әрекет етемін.Сондықтан баршаңызды біркісідей елдімекеннің болашағы үшін маған дауыс беруге шақырамын!
Тапсырыс жасаған тұлға: №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Гүлханыс Асқарқызы Нұржігітова.
Қандай қаражат ақысынан төленген:
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.