Момынов Багдат Ошакбаевичтың сайлауалды бағдарламасы

0 220

Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №4 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша “Ауыл” Партиясынан Ұсынылған Кандидат Момынов Багдат Ошакбаевичтың Сайлауалды Бағдарламасы

ӨМІРБАЯНЫ

Мен, Момынов Багдат Ошакбаевич,1978 жылы 27 мамырда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылының Қаратау бөлімшесінде дүниеге келдім.

1984-1995 жылдары Қаратау бөлімшесіндегі Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде білім алдым. 2010 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірдім.  2020 жылы Тараз мемлекеттік университетін “Дене шынықтыру және спорт” мамандығы бойынша аяқтадым.

Еңбек жолымды 1999 жылы “Ақ жол” ЖШС-да жүргізуші болып бастадым.  2002-2007 жылдар аралығында  бригадир болып жұмыс істедім. 2007 жылдан бастап өндіріс жетекшісі болып қызмет етіп келемін.

Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысамын. Байзақ аудандық мәслихатының VII-VIII шақырылымдарының депутаты болдым.

Отбасылымын, 3 қыз, 2 ұл тәрбиелеудемін.

Сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

  1. Әділетті мемлекет-өркендеген қоғам. 2. Азық-түлік қауіпсіздігі мен қолжетімді бағалар-тұрақтылық негізі.
  2. Сенімді инфрақұрылым-өңірлерді дамыту кілті.
  3. Әділетті әлеуметтік саясат-өмір сапасының кепілі.
  4. Білім мен ғылым-болашаққа бастар жол.
  5. Дәстүрлі отбасы саясаты-мемлекет іргетасы.
  6. Экология-тұрақты даму кепілі.

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Жолдауы еліміздің болашақ даму бағытын айқындап берді. Бұл-бүгінгі ел алдында тұрған міндеттерді шешу ғана емес, келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

«Ауыл» партиясы үшін Жолдауда айқындалған басымдықтар — алдағы жұмыстың басты бағыттары.

Мен ауданның дамуы үшін 7  басымдық ұсынамын:

  1. Әділетті мемлекет – өркендеген қоғам

“Заң мен тәртіп” қағидатына бағына отырып, адал еңбек ету арқылы төмендегі мақсаттарымызға қол жеткізуді көздеймін:

1) азаматтардың қауіпсіздігін арттыру бойынша, оның ішінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың заңды құқықтарын қорғау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізу;

2) өңір тұрғындарының өмір сүру сапасына кері әсер ететін мәселелер бойынша  шешімдер қабылдауға белсене қатысу;

3) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ілгерілету.

  1. Азық-түлік қауіпсіздігі мен қолжетімді бағалар-тұрақтылық негізі

Сапалы отандық өнімнің әрбір азаматқа қолжетімді болуын және өңір өндірушілерінің еңбегі лайықты бағалануын жақтай отырып, төмендегі мақсаттарға қол жеткізуді көздеймін:

1) өнім өндіру, өңдеу және өткізудегі күш-жігерді біріктіру үшін, тауар өндірушілер кооперациясын дамытуға жәрдемдесу;

2) мемлекеттік қолдауды шынымен өнім өндіретін және жұмыс орындарын құратын адамдарға бағыттау;

3) өңірдегі өнім өндірушілердің мүдделерін қорғау;

4) ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісін дамытуға бағытталған жобалардың жүзеге асуына қолдау көрсету.

  1. Сенімді инфрақұрылым-өңірлерді дамыту кілті.

 Өңірде кешенді дамыту саясатын қолдай отырып, төмендегі мақсаттарға қол жеткізуді көздеймін:

1) жергілікті деңгейдегі барлық жолдардың сапалы салынуын тұрақты түрде бақылауда ұстау;

2) су ресурстарының тапшылығын болдырмау мақсатында тиімді және үнемдеп пайдалану қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

3) “Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы” аясында білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт нысандарының құрылыстарына  жеткілікті қаржы бөлінуіне ықпал ету;

6) барлық инфрақұрылымдық жобаларға қоғамдық бақылау орнату.

  1. Әділетті әлеуметтік саясат-өмір сапасының кепілі

Әр азаматқа лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін, отбасы әл-ауқатын нығайтатын және қала мен ауыл тұрғындары үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыратын әлеуметтік саясатты қолдай отырып,  төмендегі мақсаттарға қол жеткізуді көздеймін:

-өңірдің экономикасының әртүрлі салаларында жұмыс істейтін қызмет көрсету және өндірістік персоналдың еңбек жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу;

— барлық ауылдардағы денсаулық сақтау ұйымдарының қажетті медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуіне ықпал ету;

— коммуналдық қызметтер саласындағы тариф белгілеудің ашықтығы мен әділдігін арттыруға бағытталған шараларға, оның ішінде тарифтердің өсуіне қоғамдық бақылау жасау;

-ардагерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған бастамаларға қолдау көрсету.

  1. Білім мен ғылым — болашаққа бастар жол

1) ауылдық квота бойынша оқу бітірген түлектердің жұмысқа орналасуына ықпал ету;

2) қолжетімді оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру арқылы егде жастағы азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға жәрдемдесу;

  1. Дәстүрлі отбасы саясаты-мемлекет іргетасы

Аға буынға құрмет көрсету, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, жастардың өз қабілетін іске асыруына жағдай жасау және әрбір отбасының әл-ауқатын арттыруға қолдау көрсете отырып, төмендегі мақсаттарға қол жеткізуді көздеймін:

1) отбасының рөлін белсенді түрде нығайту және адал еңбекті құрметтеу мәдениетін қалыптастыру бағытында іс-шаралар ұйымдастыру;

2) отбасындағы зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік саясатын жүргізу, қатыгездіктің кез келген түрі үшін қатаң жауапкершілікке тартылуын қадағалау;

3) отбасылық еңбек әулеттерінің беделін арттыруға қатысты іс-шаралар ұйымдастыру;

4) әйелдер кәсіпкерлігін дамытуды қолдау;

5) жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға тең мүмкіндіктер жасалуына қозғау салу.

  1. Экология – тұрақты даму кепілі

Жасыл аймақтарды дамыту және өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту бағытында саябақтар мен гүлзарлар құру, көгалдандыру, жасыл аймақтарды құрылыстан қорғау және абаттандыру іс-шараларын іске асыру.

Тапсырыс жасаған тұлға:

№4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Багдат Ошакбаевич Момынов.

Қандай қаражат ақысынан төленген: Кандидаттың республикалық бюджет

қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.