Қилыбаев Нұрсұлтан Мұхтарұлының сайлауалды бағдарламасы

0 17

Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №1 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша Өзін-Өзі Ұсынған Кандидат Қилыбаев Нұрсұлтан Мұхтарұлының Сайлауалды Бағдарламасы

 «ЕЛ ҮШІН ЕҢБЕК, ХАЛЫҚ ҮШІН ҚЫЗМЕТ!»

ӨМІРБАЯН

Мен, Қилыбаев Нұрсұлтан Мұхтарұлы, 1991 жылғы 3 наурызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында дүниеге келдім.

2014 жылы Тараз қаласындағы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдадым.

Еңбек жолымды 2011 жылы Байзақ ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде маман болып бастадым. Аталған мекемеде 2021 жылға дейін қызмет атқардым.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Байзақ ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Байзақ су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары қызметін атқарып келемін.

Отбасылымын, бес бала тәрбиелеп отырмын.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ

Менің басты мақсатым — Түймекент ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту, ауыл инфрақұрылымын жаңғырту және халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелердің оң шешілуіне ықпал ету.

Ауылдың дамуы ең алдымен тұрғындардың жайлы өмір сүруіне, сапалы әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуіне және жас ұрпақтың болашағына жасалған жағдаймен өлшенеді.Осы мақсатта төмендегі бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізуді өз міндетім деп санаймын.

  1. АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ

Ауыл көшелерінің жол сапасын жақсарту, жөндеуді қажет ететін жол учаскелерін кезең-кезеңімен орташа жөндеуден өткізу мәселесін көтеру.

Көше жарығы орнатылмаған аумақтарды жарықтандыруға ықпал ету.

Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп маңына тротуар салу мәселесін шешуге атсалысу.

Ауыл көшелерінің тазалығын, абаттандырылуын және санитарлық жағдайын жақсартуға қолдау көрсету.

Ауыз су және газбен қамту жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін назарда ұстау.

  1. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫН ДАМЫТУ

Ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу мәселесін көтеру.

Мәдениет үйінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға ықпал ету.

Ауылдық кітапхананың жұмысын жандандырып, тұрғындардың рухани және мәдени дамуына жағдай жасау.

Ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді насихаттайтын мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға қолдау көрсету.

Жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік жасау.

  1. СПОРТТЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ

Ауылда заманауи жазғы спорт алаңшаларын салу мәселесін көтеру.

Балалар мен жастарға арналған шағын футбол алаңшасын салуға ықпал ету.

Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға қолдау көрсету.

Жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулу.

Жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне және қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау.

  1. БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға ықпал ету.

Білім беру ұйымдарының айналасын абаттандыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін назарда ұстау.

Мектеп оқушыларының сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға қолдау көрсету.

Балабақшалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселелерін көтеру.

Балалардың спортпен, өнермен және шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік жасау.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ

Ауылдық медициналық пункттің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға ықпал ету.

Тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру мәселелерін тиісті мекемелер алдында көтеру.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелеріне назар аудару.

Әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға атсалысу.

Ардагерлерге, қарт адамдарға және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолайлы жағдай қалыптастыруды қолдау.

6.ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТУ

Ауыл тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдау.

Халықты толғандырған мәселелерді мәслихат отырыстарында көтеру.

Тұрғындардың өтініштерін тиісті мемлекеттік органдар мен мекемелерге жеткізіп, шешілу барысын бақылау.

Жергілікті бюджеттің тиімді әрі мақсатты жұмсалуына қоғамдық бақылауды күшейтуге атсалысу.

Әрбір азаматтың пікірі мен ұсынысына құрметпен қарап, халық пен билік арасындағы байланысты нығайту.

ҚҰРМЕТТІ ТҮЙМЕКЕНТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Мен үшін депутаттық қызмет-халықтың сенімін ақтау, елдің мұң-мұқтажын жеткізу және ауылдың дамуына нақты үлес қосу.

Өзімнің еңбек тәжірибем мен білімімді, ұйымдастырушылық қабілетімді туған өлкемнің игілігіне жұмсауға дайынмын.

Депутаттық мандатқа ие болған жағдайда, ауыл тұрғындарының талап-тілектерін басты назарда ұстап, өзекті мәселелердің шешілуіне жүйелі түрде ықпал етемін. Әрбір бастаманың орындалуы үшін тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс жүргіземін.

Менің ұстанымым-халықпен бірге болу, халықтың сөзін сөйлеу және ауылдың өркендеуі жолында аянбай еңбек ету.

АУЫЛДЫҢ ДАМУЫ — БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МІНДЕТ!

Тапсырыс жасаған тұлға: №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Нұрсұлтан Мұхтарұлы Қилыбаев.

Қандай қаражат ақысынан төленген:

Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.