Айдын Бахытбековичтың сайлауалды бағдарламасы
Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №5 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша «Қазақстан Халық Партиясынан” Ұсынылған Кандидат Калабаев Айдын Бахытбековичтың Сайлауалды Бағдарламасы
Мен, Калабаев Айдын Бахытбекович, 1988 жылғы 1 қыркүйекте Жамбыл облысы, Байзақ ауданының, Сарыкемер ауылында дүниеге келген.
2007 жылы Тараз политехникалық колледжін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдап, қаржыгер біліктілігін алған.
2007-2008 жылдары Сарыкемер ауылындағы «Алди и К» ЖШС-де есепші қызметін атқарған.
2009 жылдан бастап «Айдын» жеке кәсіпкерлігінің басшысы.
2023-2026 жылдары Байзақ аудандық мәслихатының VIII шақырылымының депутаты.
Отбасылы, алты баланың әкесі.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ
№5 сайлау округіне қарасты Диқан және Суханбай ауылдық округтерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және ауылдардың өзекті мәселелерін аудандық мәслихат деңгейінде шешуге атсалысу.
Бағдарлама «Қазақстан Халық партиясының» әлеуметтік әділеттілік, халық мүддесін қорғау, еңбек адамын қолдау және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру қағидаттарына негізделеді.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМ БАҒЫТЫ
- Ауылдық инфрақұрылымды жаңғырту және ауыз сумен қамтамасыз ету
- Аймантөбе, Жақаш, Қосы батыр және Көкөзек ауылдарындағы ауыз су желілерін жаңарту, ауылдық елдімекендердегі ауыз су жүйесінің үздіксіз жұмыс істеу мәселесін көтеру.
2.Инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын ауданның даму жоспарлары мен бюджетіне енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
- Ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін бақылау мәселелерін тиісті органдармен бірлесіп қарастыру.
- Коммуналдық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты тұрғындардың өтініштерін мәслихат деңгейінде қарастыру.
- Автомобиль жолдары, көше жарықтандыру және абаттандыру
- Аймантөбе, Жеңіс және Қосы батыр ауылдарындағы автомобиль жолдарын орташа жөндеу мәселесін көтеру.
- Жарықтандырылмаған ауыл көшелерін кезең-кезеңімен жарықтандыру бойынша ұсыныстар енгізу.
- Ауылішілік жолдардың жағдайын жақсарту және ауыл көшелері мен қоғамдық орындар мен әлеуметтік нысандардың аумақтарын абаттандыру туралы ұсыныстар енгізу.
4.Тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жетілдіру, елдімекендердегі санитарлық тазалықты сақтау мәселелерін қарастыру.
- Білім беру және мектепке дейінгі тәрбие сапасын арттыру
- Аймантөбе ауылындағы Берікқара атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жүргізу мәселесін көтеру.
- Жеңіс ауылында 100 орындық жаңа мектеп салу қажеттілігі жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс енгізу.
- Қосы батыр ауылындағы Қарасу орта мектебіне күрделі және сыртқы жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін қарастыру.
- Жеңіс ауылында жаңа балабақша салу және Жақаш ауылындағы балабақшаға күрделі жөндеу жүргізу мәселелерін көтеру.
- Денсаулық сақтау және әлеуметтік әділеттілік
- Ауылдық медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялардың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мәселесін көтеру.
- Ауыл тұрғындарына көрсетілетін алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігі мен сапасына қатысты мәселелерді қарастыру.
3.Ауылдық жерлердегі медициналық кадрлар тапшылығын азайтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу мәселелерін тиісті органдармен бірлесіп қарастыру.
- Әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін арттыру мәселелеріне назар аудару.
- Мәдениет, спорт және жастар саясаты
- Диқан, Аймантөбе және Жақаш ауылдарындағы мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жүргізу мәселесін көтеру.
- Жеңіс, Қосы батыр және Көкөзек ауылдарында мәдениет нысандарын салу қажеттілігін қарастыру.
- Жеңіс және Қосы батыр ауылдарында спорт алаңшаларын салу, Көкөзек ауылындағы шағын футбол алаңын жөндеу мәселелерін көтеру.
- Балалар мен жасөспірімдер спортының, бұқаралық спорттық және мәдени іс-шаралардың дамуына қатысты ұсыныстар енгізу.
- Жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығын дамыту
- Ауылдық округтерде жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта кәсіпкерлікті, отбасылық бизнесті және өзін-өзі жұмыспен қамту бастамаларын дамытуға қатысты ұсыныстар енгізу.
- Кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарының мемлекеттік гранттар, жеңілдетілген несиелер және кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары туралы ақпаратқа қолжетімділігін арттыру мәселесін қарастыру.
- Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу және өткізу бағытындағы жобаларды іске асыруға қатысты мәселелерді көтеру.
- Жастарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алу бағдарламаларының қолжетімділігіне қатысты ұсыныстар енгізу.
- Жергілікті бюджеттің тиімділігі, халықпен кері байланыс және депутаттық бақылау
- Ауылдық округтердің өзекті мәселелерін аудандық бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде ескеру жөнінде ұсыныстар енгізу.
- Инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың қаржыландырылуы мен орындалу барысын мәслихат құзыреті шеңберінде бақылау, тиісті мемлекеттік органдардан ақпарат сұрату.
- Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу, олардың өтініштері мен ұсыныстарын қарастыру және құзырлы органдарға жолдау.
Халықтың сенімі-үлкен жауапкершілік. Әрбір ұсыныс пен өтініш назардан тыс қалмай, ауылдардың дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында жүйелі жұмыс жүргізілетін болады.
Тапсырыс жасаған тұлға: №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Айдын Бахытбекович Калабаев.
Қандай қаражат ақысынан төленген:
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.