Жакыпбеков Дулат Бекбосыновичтың Сайлауалды Бағдарламасы
Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №2 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша “Әділет” Партиясынан Ұсынылған Кандидат Жакыпбеков Дулат Бекбосыновичтың Сайлауалды Бағдарламасы
Мен, Жакыпбеков Дулат Бекбосынович , 1965 жылы 29 наурызда Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келдім.
1990 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «Тұрмыстық қызмет етудің экономикасы мен ұйымдастырылуы» мамандығы бойынша аяқтадым.
Еңбек жолымды 1990 жылы Қостанай облысы “Жанкелдин” аудандық халыққа қызмет көрсету комбинатында экономист маманы қызметінен бастадым, онда 25.06.1992 жылға дейін жұмыс атқардым. 1992-1993 жылдары Свердлов аудандық байланыс торабының экономисі. 1993-1996 жылдары аралығында Свердлов ауданы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы.
1996-1998 жылдары Свердлов ауданы бойынша салық инспекциясының заңды тұлғалардың табысына салық салу бөлімінің бастығы, салық түсімдерін есепке алу, ағымдағы талдау және компьютерлендіру бөлімінің бастығы. 1998-2005 жылдары Байзақ ауданы бойынша салық комитетінің мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бастығы, салық төлеушілермен жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы, аудит бөлімінің бастығы, салық есептілігін қабылдау және оны өңдеу бөлімінің бастығы қызметтерін атқардым.
2005 жылы Байзақ ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары.
2005-2008 жылдары Байзақ ауданы әкімі аппаратының басшысы. 2008-2013 жылдары Байзақ ауданы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметтерін атқардым.
2023 жылы 3 мамырдан 2025 жылғы 24 ақпанға дейін Байзақ ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқардым.
2025 жылғы 25 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Байзақ ауданы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келемін.
Отбасылымын, төрт бала тәрбиелеп отырмын.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Құрметті сайлаушылар!
Мен еліміздегі жалпыхалықтық сенімге ие болған «Әділет» партиясының атынан Байзақ аудандық мәслихат депутаттығына сайлауға түсіп отырмын.
Депутат болу-жұрт үшін жүрекпен жұмыс атқару, шынайы ниетіммен жақсы істерге ұйытқы болу, ақиқатын айтсам-халықтың қамын жеу, дәрменсіз сөзді емес анығын айшықтайтын ақиқаты бар халықтың сөзін қуаттау-деп түсінемін.
Бұл шешім үлкен жауапкершілік екендігі де белгілі. Өмірлік тәжірибем мен біліктілігімді пайдалана отырып, ауылдарымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуына, халықтың тұрмыс-тіршілігін көтеруге өз септігімді тигізетін боламын.
«Әділет» партиясы, ел аманатын арқалай отырып, Қазақстанның болашағына бейжай қарамайтын барша азаматтарды Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың түбегейлі реформаларын қолдауға, Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегіне бірігуге шақырады. Біздің мақсатымыз-Қазақстанның әрбір азаматының құқы, еркі қорғалған, адал еңбегімен, білім-білігімен көздеген асыл мұратына қол жеткізе алатын демократиялық, әділетті әрі бақуатты мемлекет құру.
Ауданда, оның ішінде осы сайлау учаскесіне кіретін ауылдарда бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылған, атап айтқанда:Көкбастау ауылына бейнебақылау камералары мен ойын алаңшасы орнатылды. Ауыз су имараты жөндеуден өтті.
Базарбай ауылында ауыз су имараты мен құбырларды жөндеуден өткізіліп, (2025-2026 ж.ж.) ауылға апаратын Сарыкемер-Базарбай-Төрегелді аудандық маңызы жолды орта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Базарбай ауылындағы бірқатар көшелер орта жөндеу жұмыстары атқарылған.
Жаңатұрмыс ауылында жаңа алқапқа инженерлік-инфрақұрылым (су, электр, жол) жүргізілді. Көше жолдары орта жөндеуден өтті.
Ақжар ауылындағы саябақты абаттандыру жұмыстары басталып, қаржы тапшылығына байланысты жұмыстар аяқталмаған, С.Сейфуллин көшесіне жаяу жүргіншілер жолы жөндеуден өткен.
Қолдағы бар мәліметтерге сәйкес аудан бойынша ауылішілік көшелердің жарықтандырылу деңгейі 77,6 пайыз болса, сайлау учаскесіне кіретін ауылдардағы көшелер 100 пайыз жарықтандырылған.
Елдімекендердегі ауылішілік жолдар жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі үлесі аудан бойынша 85,4% болса, Ақшолақ және Жаңатұрмыс ауылдарында-100%, ал Көкбастау-14,0%, Базарбай-66,2%, Ақжар-47,6% жақсы жолмен қамтылған.
Осы орайда өз сайлауалды бағдарламамды назарларыңызға ұсынамын
Тіршіліктің күретамыры — ауылға яғни, сол ауылдың өркендеп өсуіне мейлінше өз үлесімді қосу азаматтық борышым деп есептеймін. Халықтың табысын арттыру бағытында партия Жаңа, әділетті Қазақстанды қалыптастыру мақсатында бірқатар тиімді жобаларды жүйелі түрде жүзеге асыруды жоспарлауда, атап айтқанда: Көкбастау ауылына Дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, Базарбай ауылына 300 орындық мектеп құрылысын салуды ауданның даму жоспарына енгізілуіне ықпал ету.
Базарбай, Ақшолақ ауылдарына мәдениет үйін салуға, А.Пушкин атындағы орта мектепті күрделі жөндеуге және Жаңатұрмыс орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне мүмкіндігінше ықпал жасайтын боламын.
Жол инфрақұрылымы қазіргі таңда маңызды мәселенің бірі болып отыр. Осыған байланысты Көкбастау, Базарбай, Ақжар ауылдарындағы қанағаттанарлықсыз жолдардың орта жөндеуден өткізілуіне әрекет ететін боламын.
Сонымен қатар төмендегі мына жұмыстарды жүйелі түрде атқаруды басшылыққа алатын боламын:
— Мемлекеттік бағдарламардың іске асырылуы (мемлекеттік бағдарламамен қолданған кәсіпкерлердің саны (грант, төмен пайызбен несие), субсидия алған шаруашылықтардың саны, жалпы тұрғындар арасында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстары) тұрақты түрде жүзеге асырылуына ықпал ету.
— Халықтың осал топтарына әлеуметтік көмектер көрсетуге ықпал ету.
— Ел-ертеңі жастардың қолында. Сол жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу үшін ерекше көңіл бөліп, мейлінше қолдау көрсетемін.
— Ауыл ажарын келтіру мақсатында көгеріштендіру, тал-дарақтар егу сынды мәні жоғары істерді жүзеге асыруды насихаттап, жұртты жұмылдыруға барынша үлес қосу.
— Өз сайлау учаскемдегі көшелердегі түнгі жарықтандыру жұмысын ретке келтіруге ықпал ету.
— Көше жолдарын жөндеуден өткізуге ықпал ету.
— Тұрғындардың өтініштерінің оң шешілуіне ықпал жасау.
Тірегіміз -Тәуелсіздік, тілегіміз — Әділет, бағдарымыз — Бірлік!
Тапсырыс жасаған тұлға: №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Дулат Бекбосынович Жакыпбеков.
Қандай қаражат ақысынан төленген: Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.