Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

0 188

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) өзінің келесі жекпе-жегін меңзейтін жазба жариялады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Жәнібек Әлімханұлы Twitter-дегі парақшасында: «Soon! Inshallah! (жақында)», деп жазба қалдырды.

Оның жазбасына орта салмақтағы қазіргі «уақытша чемпион», доминикандық Карлос Адамес іле-шала пікір білдірді.

«Nobody has called me? (Маған ешкім хабарласқан жоқ)», деп жазды Карлос Адамес.

Айта кетейік, екі боксшы да кейінгі жекпе-жегін өткен жылы өткізген еді.