Жаздың соңына дейін ҚТЖ пойыздарында интернет пайда болады

0 5

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жаздың соңына дейін жолаушылар пойыздарының негізгі бағыттарын спутниктік интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл туралы компания басқарма төрағасының орынбасары Ануар Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Оның айтуынша, жолаушылар үшін тұрақты байланысқа қол жеткізу маңызды мәселе болып қала береді. 2025 жылы ҚТЖ бірнеше орбиталық спутниктік жүйелерді пайдаланып, екі пилоттық жобаны іске асырған. Компания «Eutelsat OneWeb» және «Starlink» технологияларын пайдаланып, Астана – Алматы және Астана – Өскемен бағыттарында байланыс сапасы мен техникалық мүмкіндіктерін сынақтан өткізді.

Сынақ нәтижелері мұндай қызметті тұрақты түрде ұсынуға мүмкіндік бар екенін көрсетті.

Ануар Ахметжановтың айтуынша, алдымен ең сұранысқа ие пойыздар таңдалып, жолаушылардың басым бөлігі жаңа қызметті пайдаланып көре алады. Компания жаздың соңына дейін негізгі бағыттарды спутниктік интернетпен қамтуды көздеп отыр.

Қазіргі уақытта интернетке қолжетімділік «Нұрлы жол – Семей» бағыты бойынша іске қосылған. Сонымен қатар терминалдар келесі бағыттардағы пойыздарға орнатылып жатыр. Атап айтқанда:

  • Алматы – Павлодар бағыты(№31/32);
  • Павлодар – Түркістан бағыты(№45/46);
  • Нұрлы жол – Атырау бағыты(№47/48).