Жастар Жақсылық ағамен кездесті

0 17

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен    «Ұрпақтар сабақтастығы» аясында Тамды ауылының тумасы, спорт саласының ардагері Жақсылық Мамырбекұлымен кездесу өтті. Қырғыз елінде, Ыстықкөл қаласында ұлт батыры Жұманазар Сатымқұл атындағы халықаралық марафон жарысы ұйымдастырылып, оған әлемнің 35 мемлекетінен 4 мыңға жуық желаяқ қатысып, бақ сынады.

Қазақ елінің атынан шыққан Жақсылық ағамыз бұл жолы 42 шақырым 195 метрді 4 сағатта жүгіріп, мәре сызығын бірінші болып кесті. Бұл Ж.Мамырбекұлының  68 жасында жеткен жетістігі. Сұхбат барысында Ол кісі өзінің  спорт  жолын зейнетке шыққан соң, яғни 63 жасында бастағанын және де көп марафоншыларымен түрлі жарыстарға қатысқанын айтып, өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

Қазіргі таңда Жақсылық Мамырбекұлы жақын арада екі мың жылдық тарихы бар Тараз қаласынан көне Түркістан қаласына дейінгі  400 шақырымды  жаяу жүгіріп  өтуді жоспарлап отырғандығын және бұл салада өзінің ізбасарлар дайындап отырғанын да тілге тиек етті. Жастарды еңбекке және салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, өзінің болашаққа деген ойымен бөлісті.

Aulieatanews, Талас ауданы.