Жамбыл облысында үй жанынан жасөспірімнің мәйіті табылды

0 201

13 мамыр күні Жамбыл облысы Меркі ауданы Сыпатай ауылындағы үйлердің жанынан жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Полицияға хабарлама аудандық аурухана мамандары тарапынан түскен.

Полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай кәмелетке толмаған тұрғынды ұстады. Оны тінту барысында суық қару табылған. Кәмелетке толмаған тұрғын оны заңсыз алып жүрген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жамбыл облысы полиция басқармасы жасөспірім өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, сараптамалар тағайындалғанын хабарлады.

Қылмыстық процестік кодекстегі 201-баптың талаптарына сәйкес өзге мәлімет жария етілмеген.