Президенттің Германияға сапары Мюнхенде жалғасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары Мюнхен қаласында жалғасады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Президент Бавария Үкіметі мен Ландтаг басшыларымен, сондай-ақ бизнес-құрылым өкілдерімен кездесулер өткізеді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылу рәсіміне қатысады.