Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

0 4

Аичи-Нагояда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында дзюдошы Абиба Әбужақынова күміс медаль иеленді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Абиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетіп, жарыс қожайыны Митсуки Кондомен белдесті. Шиеленісті өткен кездесуде жапон дзюдошысы жеңіске жетті.

Осылайша, Абиба Әбужақынова Азия ойындарында екінші рет күміс медаль иеленді. Ол 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азиадада да күміс жүлдегер атанған болатын.

Абиба Әбужақынова әйелдер арасында Азия ойындарының финалына шыққан Қазақстанның екінші дзюдошысы атанды. Бұған дейін 1998 жылы Бангкокта Варвара Масягина финалда белдесіп, күміс медаль алған.