ҰБТ-да ең жоғары балл жинаған үміткер кім?

0 126

Еліміз бойынша Түркістан облысының мектеп түлегі ҰБТ-да ең жоғары балл жинады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кентаулық талапкер Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, жоғары 138 балл жинады. Бұл көрсеткіш әзірге еліміз бойынша ең жоғары нәтиже», деп хабарлады облыс әкімдігі.

Айдос Хайруллаұлы 10 жыл бойы №16 Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде оқып, 11 сыныпта «Грант» мектебіне ауысқан. Айдос болашақта математика пәнінен мұғалім болғысы келеді.

Айта кетсек, Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтінім білдірген. Жалпы облыста 32 306 оқушы 11-сыныпты тәмамдаған. Оның 1 727-і — «Алтын белгіге», 2 466 оқушы — «Үздік аттестатқа» үміткер.