Вашингтондағы атыс кезінде екі адам қаза тауып, бес адам жараланды

0 51

Жексенбі күні таңертең Вашингтондағы ойын-сауық кешенінде бірнеше адам оққа ұшты, деп хабарлайды NBC News.

Ел астанасындағы Кеннеди демалыс орталығында болған қарулы шабуылдан екі адам қаза тауып, тағы бес адам жараланды, деп хабарлады жергілікті полиция департаменті.

Зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілді, олардың барлығы ересек адамдар.

Полиция афроамерикалық деп сипатталған орташа денелі, ашық түсті шалбар мен көк көйлек киген күдіктіні іздеп жатыр. Оны соңғы рет елдің оңтүстігіне көлік айдап бара жатқанда көргендер бар.

Құқық қорғау органдары қылмыстың себебін зерделеп жатыр.

Колумбия округі полициясының статистикасына сәйкес, 2023 жылы Вашингтонда соңғы жиырма жылда өлім-жітім көп тіркелген жыл болды.

Бұған дейін 2023 жылы АҚШ-та 652 жаппай атыс болып, 42 оқиға адам өлімімен аяқталғаны хабарланған болатын.