ТМД елдері арасында ең қымбат такси Қазақстанда тіркелген

0 1 010

Жыл басынан бері Қазақстанда такси қызметін 13,9 миллион жолаушы пайдаланған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 4,9 пайызға аз , – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша такси қызметін жиі пайдалған өңірлер анықталды.

«Алматыда 2,5 миллион адам, Астанада 1,5 миллион адам және Қарағанды ​​облысында 1,1 миллион адам тасымалданған. Ең аз ресми такси қызметтері Жетісу (277 мың адам), Атырау (290,8 мың адам) және Алматы (306,5 мың адам) облыстарында тіркеліп отыр. Ресми деректерге сәйкес Қазақстанда такси тасымалдаудан түскен табыс былтырғы 1,4 миллиард теңгемен салыстырғанда 2 миллиард теңгеге жетті. Құндық мәндегі өсім 46,5 пайызға тең», — деп жазылған Ranking.kz сайты мәліметінде.

2024 жылы наурыздың аяғында такси тарифтері айына 0,6 пайызға, ал жылына 12,3 пайызға қымбаттаған.

Numbeo дерегінше, таксимен жүру құны орташа есеппен бір шақырым үшін 0,67 доллар болды. Бұл үшін ең қымбат 95 елдің ішінде 73-орынды иеленді. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары баға рейтингіне енгізіліп тұр.

Салыстыру үшін Әзербайжанда бір шақырымға 0,59, Ресейде 0,32, Беларусьте 0,31, Арменияда, Украинада және Өзбекстанда 0,3 доллар төленеді. Ең жоғары көрсеткіштер Швейцарияда (бір шақырым үшін 4,39 доллар), Кувейтте (3,25 доллар) және Ямайкада (3,23 доллар) тіркелді. Ал ең төменгі көрсеткіш Филиппинде (бір шақырым үшін 0,25 доллар) болды.