Таразда үшемдер дүниеге келді

0 1 074

Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының перинаталдық блогында Тараз қаласының 25 жастағы тұрғыны Саида Абитова үшемдерді дүниеге әкелді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Үшемдердің салмағы 1580,0, 1566,0 екі ұл және 1830,0 грамм болатын қыз бала. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы жақсы, салмақ қосып, анасымен бірге ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. Алғашқы 24 сағат ішінде жаңа туған нәрестелерге қарқынды терапия тағайындалып, нәрестелер неонатология бөлімінде анасымен бірге болды.

Жас келіншекке емшек сүтімен емізу, салмағы аз нәрестелерге күтім жасау, сондай-ақ қауіпті белгілердің алдын-алу мен онымен жұмыс бойынша кеңестер берілді.

Ата-анасы жарық дүние есігін ашқан сәбилеріне Сайдали, Бейбарыс, Милат деген ерекше есімдер қойыпты.