Таза аула. Таза өлке. Таза ел

0 345

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апта сайын сеңбіліктер өткізіліп, облыс аумағында ауқымды жұмыстар атқарылды. Экологиялық науқанға 210 мыңнан астам жамбылдық, оның ішінде 20 мың ерікті, 5 мыңға жуық кәсіпорын мен мекеме қызметкерлері белсенді қатысты.

Бүгінгі күнге дейін 60 тарихи-мәдени ескерткіштің аумағы абаттандырылды. 143 саябақ пен сквер аумағы, 816,6 шақырым арық және канал жүйесі, 99 мың аула мен 3,1 мың шақырым көше тазартылды. 9,7 мың тонна қоқыс шығарылып, 60 мыңға жуық көшет отырғызылды. 53 субұрқақты іске қосу шаралары қолға алынды. Жалпы, бұл жұмыстарға 875 бірлік техника жұмылдырылған.

Биыл өңірді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына 9,4 миллиард теңге қаралып отыр.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы облыс аумағында жүйелі түрде жалғасады.