Таразда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

0 238

Тараз қаласында Мәмбет батыр көшесінің бойында жолаушылар автобусы өртке оранды, деп хабарлайды Aulieatanews Жамбыл облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Бүгін сағат 17:43-те Жамбыл облысы ТЖД күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының телефонына Тараз қаласы, Мәмбет батыр көшесінің бойында жолаушылар автобусының өртенгендігі туралы хабарлама келіп түсті.

«Шақырту орнына Департаменттің күштері мен құралдары( 16 адам жеке құрам және 4 бірлік техника) жедел жетті. Өрт сөндірушілер өртті 18:00-де  ауыздықтап, 18:06 -да толық сөндірді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», делінген хабарламада.