Алматыда жылыту маусымы қашан аяқталады?

0 211

Бірнеше күннен бері Алматыда ауа температурасы күндіз 10 градустан жоғары болып тұр, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мегаполисте жылыту маусымы қашан аяқталады?

Жағдайға қатысты пікір алу үшін басылым тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне хабарласып көрді.

«Алматыда жылыту маусымы уәкілетті органның қаулысы бойынша, жылыту маусымына дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес ұзақ мерзімді болжамды ескере отырып, ұзақ уақыт бойы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы +8 градустан және одан жоғары болған кезде аяқталады. Қаулы шығарылғаннан кейін жылу беру тоқтатылады», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Әкімдік мәліметінше, нақты мерзімі әзірге белгісіз.