Таразда полицейлер денсаулығы сыр берген шетелдікке жәрдемдесті
Патрульдік полиция қызметкерлері жол бойында көмек сұрағандарды байқаған, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Жолаушының талмасы ұстағаны анықталды. Ол Бішкектен Дағыстанға бағыт алған 39 жастағы ресейлік азаматтың әкесі екен.
Полицейлер науқасқа алғашқы көмек көрсетіп, қалалық ауруханаға жеткізген.
«Қазақстан сақшыларының адамгершілігіне риза болдым. Әкемді өлімнен арашалап қалдық. Алғысым шексіз», деді Насир Балаев.