Тараз қаласында нан бағасы 5 теңгеге қымбаттады

0 54

Қазір ас атасы дүкендерде 90 теңгеден сатылып жатыр. Осыған байланысты өндірістегі жағдай тексерілген. Мамандар бұл жолы қымбаттауға негіз бар деген шешімге келіп отыр.

Бағаның өсуіне солтүстік өңірдегі бидай мен 1-сұрыпты ұнның қымбаттауы әсер еткен. Бидай 75-тен 95-ке, ал ұн 110-нан 125 теңгеге дейін өскен. Соңғы екі жылда нан бағасын ұстау мақсатында наубайханаларға тұрақтандыру қорынан 3,5 мың тонна ұн төмен бағамен беріліп келді. Соның арқасында аймақта 2 жыл бойы нан құны 85 теңгеден аспады.

«Облыста өндірілетін бидай сапасы сәйкес келмейтіндіктен нан бағасы солтүстік өңірден сатып алынатын ұн және бидай бағасына тәуелді болып отыр. Алдағы уақытта нан бағасы 90 теңге көлемінде болады. Бұл бағытта жергілікті бюджеттен қосымша қаржы сұратылып, нан бағасын ұстау мақсатында тиісті жұмыстар атқарылатын болады»,- дейді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Төлебек Құлекеев.