Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

0 19

Қазақстанда алдағы күндері күн суытып, жаңбыр жауады. «Қазгидромет» синоптиктері 29 сәуір мен 1 мамыр аралығына ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

Болжамға сәйкес, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың кей бөлігінде жауын-шашын болады, жел күшейеді. Елдің орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

«Сондай-ақ, Скандинавия аудандарынан антициклонның келуімен Қазақстан аумағында ауа температурасы төмендейді. Солтүстік жартысында түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-15 градусқа дейін, оңтүстік жартысында түнде 7-15 градусқа дейін, күндіз 18-28 градусқа дейін жылы болады», — делінген хабарламада.