ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ — БАРШАҒА МІНДЕТ

0 19

Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында  Мұғалімдер  күніне орай салтанатты жиын өтті. Білім саласы қыз­меткерлерінің кәсіби мере­кесіне арналған кеште сөз алған аудан әкімінің орынбасары Роман Қырықбаев:

— Ұстаздық — ұлы ұғым. Өйт­кені, олар жас буын­ның бо­ла­­ша­ғына бағыт бе­ріп, дү­ниетанымын қалып­тасты­ра­­сыз­дар. Сіздерден алған білім ар­қылы түлектер арманға қанат қа­ғып, қоғамдағы орнын табады. Сондықтан, ұстаз әр­дайым қасиетті тұлға ретін­де ерекшеленеді. Ұрпақ тәр­бие­леу жолында толымды еңбек­те­ріңізге алғыс айта оты­рып, мерекелеріңізбен құт­тықтаймын, — деді.

Сонымен қатар, шара бары­сында аудандық мәслихаттың хатшысы Қадірбек Садубаев еңбегін бала тәрбиесіне ар­наған қадірлі мамандық ие­леріне ізгі тілегін білдірді.

Жиында ауданның білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан үлесі үшін қаладағы және ауыл аймақтағы орта мектептердің бірқатар мұғалімдеріне облыс әкімінің, аудан әкімінің, облыс әкімдігі білім басқармасының, аудандық мәслихаттың Құрмет грамоталары және Алғыс хаттары тапсырылды.

Бұдан бөлек еңбегін бала тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаздарға сый-сияпат көрсетілді.

Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Aulieatanews, Талас ауданы.