СҚО-да иіс тиіп уланған бес бала жансақтау бөлімінде жатыр

0 233

Бір отбасының 8 баласы аналарымен бірге уланған, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Солтүстік Қазақстан облысында көміртегі тотығымен уланып қалған бір отбасының 8 баласы аналарымен бірге Айыртау аудандық ауруханасында ем алып жатыр.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгін ауруханаға түскен 8 баланың үшеуі балалар бөлімшесіне орналастырылды, жағдайлары орташа. Қалған бес бала қазір жансақтау бөлімшесінде жатыр, жағдайлары тұрақты, ауыр.

«Әйел 1990 жылғы, аудандық аурухананың терапия бөлімшесіне орналастырылды. Балалардың ең кішісі 2018 жылғы және егіз қыз 2012 жылы туған. Егіздің біреуі де жансақтау бөліміне түсті», — дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.