Сенат бизнеске қатысты заңды Мәжіліске қайтарды

0 42

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралды. Сенат заңның жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды.

Заң кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру және бизнестің дамуына қолайлы жағдайлар жасау үшін әзірленді.

Құжат мемлекеттік бақылау және қадағалау нысандарын реттеуге, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге және дамытуға жағдайды жақсартуға, Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыруға бағытталған.

Заңды Парламент Сенатында қарау барысында мыналарды:

— Заңның жекелеген нормаларын реттеушілік саясаттың қағидаттары мен тәсілдеріне сәйкес келтіруді;

— облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды салумен байланысты мақсаттар үшін мемлекеттік орман қоры жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру мүмкіндігін сақтауды;

— сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын шекті сауда үстемеақысын қолдану тәртібін белгілеуді;

— әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру кезінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетуді көздейді;

— пайдалы қатты қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеу үшін кен орнын әзірлеудің техникалық жобасында белгіленген нормаланған ысыраптар туралы деректерді қолдануды;

— өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету тетігін жетілдіруді;

— Бірыңғай төлемнің құрамдас бөліктерінің үлестерін қайта есептеуді көздейтін түзетулер енгізіледі.