Бүгін еліміздің 12 қаласында ауа ластанады

0 10

Бүгін Қазақстанның 12 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

«29 ақпанда Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Орал, Өскемен, Риддер, Теміртау, Қарағанды, Жезқазған қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.