Құрылтай Вице-президент лауазымына ұсынылған Ерлан Қариннің кандидатурасын қолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қариннің кандидатурасын Вице-президент лауазымына ұсынды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтай мүшелері қолдап, оның жаңа қызметке тағайындалуына келісім берді.
Бұған дейін Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Ол мемлекеттік саясат, қоғамдық даму және стратегиялық коммуникациялар саласында еңбек еткен.