Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды

0 10

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Құрылтайдың жалпы отырысында депутаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Олжас Бектеновті Премьер-министр лауазымына тағайындауына келісім берді.

Олжас Абайұлы 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туған. Ол Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. ІІ дәрежелі «Айбын» және «Даңқ» ордендерімен наградталған.

Олжас Бектенов 2024 жылдан бастап осы кезге дейін Премьер-министр қызметін атқарып келді.