Нашақорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті

0 135

Бүгінгі күні нашақорлық — бір адамның ғана басындағы емес, бүкіл қоғамның қасіреті болып отыр. Нашақорлық — бұл маңызды психикалық және физикалық бұзылу, ол адамның психотроптық заттарға тәуелділігі мен теріс пайдалануынан тұрады. Сонымен қатар есірткілер адамның өзгерген санасына басып озатын және физиологиялық және психологиялық тәуелділікті тудыратын психотроптық заттар болып табылады, — деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Бұл видео «zhambyl_police» инстаграм парақшасынан алынды.

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен  жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында жастармен кездесу өтті.

Мақсаты — есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жүргізу және жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралуының, пайдаланудың алдын алу.

Басқосуға жастар арасында өзекті мәселелерді анықтау және оларды шешу жөнінде бекітілген жоспар бойынша Тараз қаласы әкімінің орынбасары Жауынбекова Гүлдана Әлімжанқызы, Тараз қаласы Полиция басқармасының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Көбеев Әділет Бақытжанұлы, Тараз қалалық №1 Пробация қызметінің Аға инспектор Әділет аға лейтенанты Бекдилдаева Айгерім және Тараз қалалық №1, №2, №3 Пробация қызметінің бөлімінде пробация есебінде тұрған 15 жас іс-шараға қатысты.

Кездесу барысында жастар сұрақтар қойып, өз жауаптарын алды. Іс-шараға 60-қа жуық жастар қамтылды.