Мемлекеттік білім гранттарының иегерлері анықталды
Елімізде 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, биыл мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін 127 мыңнан астам өтініш қабылданған. Талапкерлер ең көп таңдаған мамандықтар қатарында педагогикалық ғылымдар мен инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыттары бар. Сондай-ақ аударма ісі, дипломатия, құқық, психология және педагогика бағыттарында жоғары бәсекелестік байқалған.
Биыл бакалавриатқа түсу үшін 75 мыңнан астам грант қарастырылған. Гранттардың басым бөлігі (60%) инженерлік және педагогикалық мамандықтарға (20%) бағытталып, басқа салаларға (20%) еңбек нарындағы қажеттілікті ескере отырып бөлінген. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған квоталар мен халықаралық олимпиадалардың, ірі спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға 1816 грант қарастырылған.
Талапкерлердің тізімін мына сілтемеден жүктей аласыз.