Еліміздегі мектептерде оқушыларды бағалау жүйесі өзгереді

0 8

Қазақстанда оқушылардың білімін бағалау ережелері өзгеруі мүмкін. Тиісті бұйрық жобасын Оқу-ағарту министрлігі әзірледі, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Құжатқа сәйкес, 2–4-сынып оқушыларының білімі қалыптастырушы бағалау, сондай-ақ тақырыптық және қорытынды бақылау арқылы бағаланады.

Ал 5–11-сынып, ал кейбір мектептерде 12-сынып оқушылары үшін қалыптастырушы және жиынтық бағалау жүйесі сақталады.

Министрліктің түсіндіруінше, тоқсандық баға білімді тексерудің барлық түрлерінің нәтижелері негізінде қойылады. Бұл оқушылардың оқу жетістіктерін барынша әділ әрі объективті бағалауға мүмкіндік береді.