Малайзия Премьер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады

0 864

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапары аяқталған Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Өз кезегінде Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагим құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевты бүгінгі туған күнімен құттықтады.

Айта кетейік, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін 71 жасқа толды.