Кабирхан миллион дирхам үшін бәйгеге түседі

0 10

Әлемге әйгілі қазақстандық жылқы Кабирхан 1 наурызда БАӘ-де өтетін дәстүрлі Dubai Racing Carnival жарысына қатысады.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 1,7 араб дирхамын құраса, ең жүйрік ат иесіне 1,02 миллион дирхам ақшалай сыйлық беріледі. Айта кетейік, қазіргі бағам бойынша бір араб дирхамы — 120 теңгеге тең.

Кабирхан биыл БАӘ-де өткен екі бірдей беделді жарыста топ жарған болатын. 30 наурызда Дубайда ат жарысынан әлем кубогы өтеді, онда Кабирхан әлемнің алдыңғы қатарлы жылқыларымен бірге бәйгеге түседі.

Жарыстардағы сәтті өнерінен кейін Кабирханға көз тіккендер көбейіп, иесі Тілек Мұханбетқалиевке миллион долларға сатуға ұсыныс жасағандар да болған. Бұл туралы «Ұлттық спорт» бағдарламасында Мұханбетқалиевтің өзі айтты.