Қазақстан премьер-министрінің баспасөз хатшысы тағайындалды

0 10

Қазақстан премьер-министрінің баспасөз хатшысы тағайындалды, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы аремьер-министрінің баспасөз хатшысы болып Диляра Ардаққызы Аленова тағайындалды», — делінген хабарламада.

Диляра Аленова халықаралық құқық мамандығы бойынша ҚазГЗУ университетін бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы тілші болып бастады. Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінде, «Қазконтент» АҚ-да, ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінде жұмыс істеген.

«Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы, Алматы Қоғамдық даму басқармасы Коммуникациялық іс-тәжірибелер бөлімінің басшысы, Алматы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы болып жұмыс істеген.