Кабирхан Дубайда өткен Әлем кубогында нешінші орын алды?

0 277

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткен ат жарысынан әлем кубогында әйгілі жүйрігіміз Кабирхан да сынға түсті, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Алайда, бұл жарыста ол жүлделі орыннан көріне алмады.

Бәйгеде жетінші нөмірмен сынға түскен Laurel Rival сәйгүлігі жеңіске жетті.

Ал Кабирхан негізгі топтың арасында мәре сызығын кесіп өтті. Ол бәйгеде мәре сызығын тоғызыншы болып қиды.

Осылайша, Кабирхан Әлем кубогында дүниежүзінің көптеген елінен сан алуан бәйгеде топ жарған жүйріктермен бәсекеге түсті.