Грузия Премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келді
Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Қазақстанға ресми сапармен келді. Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында құрметті мейманды қарсы алды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе бір біріне делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Грузияның әнұрандары шырқалды.