Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды

0 122

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ерұлан Жамаубаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, — деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған.

Білімі жоғары, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, «Қаржы және кредит», 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған.

1996-1998 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы;

1998-2006 жылдары Ұлттық банк Зерттеулер және статистика департаменті жетекші сарапшысы, бас сарапшысы, бас маман-сарапшысы, басқарма бастығы, директор орынбасары;

2006-2014 жылдары Ұлттық банктің үйлестіру департаментінің директоры;

2014-2015 жылдары «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ның басқарушы директоры;

2015 жылғы шілде мен қараша аралығында Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2015 жылғы қараша мен 2018 жылғы қараша аралығында —  Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі;

2018 жылғы қараша мен 2019 жылғы наурыз аралығында Президент көмекшісі;

2019 жылдың наурызынан бастап Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарды.

2020 жылы еліміздің Қаржы министрі болып тағайындалып, 2024 жылғы ақпан айына дейін қызмет атқарды.