Ербол Қарашөкеев құрылыс жұмыстарымен танысты

0 1 567

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан Тараз қаласындағы бірқатар білім беру нысанының құрылыс жұмыстарымен танысып, кеңес өткізді. Сондай-ақ 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от AULIEATANEWS (@aulieata.news)

Аймақ басшысы Шөлдала алқабындағы 600 орындық, «Бәйтерек» (13) мөлтек ауданындағы 1200 орындық және «Ұлы дала» (15) мөлтек ауданындағы 2000 және 1200 орындық жаңа білім беру нысандарының құрылыс алаңына барды.

Шөлдала алқабындағы 3 қабатты мектептің құрылысын «Агроспецстрой» ЖШС жүргізуде. Жұмыстар 2023 жылдың маусым айында басталып, биылғы жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстары (ҚМЖ) 30 пайыз деңгейінде.

Ал, «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы жаңа білім беру ошағының құрылысын «Integra Construction KZ» ЖШС салуда. Мектеп биылғы жылдың тамызында қолданысқа беріледі. Бүгінде мұндағы жұмыстар 50 пайызға атқарылған. Сол секілді, «Ұлы дала» мөлтек ауданында екі мектептің құрылысын «Отау Строй» және «Integra Construction KZ» құрылыс компаниялары жүргізіп жатыр. Олардың құрылыс жұмыстары 40 пайызға орындалған.

Ербол Қарашөкеев құрылыс алаңының басына жауаптыларды жинап, ұлттық жобаның маңыздылығына тоқталды. Жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша іске асуда. Жұмыс баяу жүріп жатыр. Бұл қарқынмен құрылысты уақытында аяқтай алмайтынымыз сөзсіз. Сондықтан құрылыс жұмыстарын жеделдету қажет. Ең бастысы — сапаны ұмытпаған жөн. Мектеп балаларға қолайлы, қауіпсіз, қолжетімді болуы тиіс, – деді облыс әкімі Ербол Қарашөкеев.

Айта кетейік, 2024-2025 жылдары өңірде 41 білім беру нысанының құрылысын жүргізу жоспарлануда. Оның 12-сі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қолданысқа беріледі. Сондай-ақ биыл 9 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Аймақ басшысы Тараз қаласы «Бәйтерек» шағын ауданындағы және Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы жайлы мектептердің құрылысын алдағы жаңа оқу жылына дейін аяқтауды тапсырды.

Тараз қаласын аралау барысында облыс әкімі «Ұлы дала» мөлтек ауданындағы 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Пилоттық жоба аясында салынған тұрғын үйде барлық қолайлы жағдай қарастырылған. Уақыт пен қаржыны тиімді пайдаланған әдіс өзінің оң нәтижесін көрсетуде.

Облыс әкімі алдағы уақытта тұрғын үй құрылысында осы жобаның мүмкіндіктерін қолдану шаралары қаралатынын баса айтты.