Ербол Қарашөкеев «Hicheng Mining»компаниясының Бас директоры Чен Джиачангпен кездесті

0 188

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Hicheng Mining»компаниясының Бас директоры Чен Джиачангпен кездесті, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

Аймақ басшысы инвестициялық мүмкіндіктер туралы айта келе, облыстың химия өнеркәсібі бойынша көшбасшылардың бірі екенін, алтын өндіру, металлургия өнеркәсібінде үлкен әлеуетке ие екенін жеткізді.

Кездесу барысында тараптар ауыр металдар, алтын өндіру бойынша жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Жауапты тұлғаларға жобаларды егжей-тегжейлі зерделеу және қажетті көмек көрсету тапсырылды.