Енді жүргізуші куәлігі мен көлік нөмірін үйге тапсырыспен алуға болады

0 6

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жаңа қызметті іске қосты. Енді ел тұрғындары дайын жүргізуші куәлігін, көлік құжаты мен нөмірін тапсырыспен үйге алдыра алады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, аталған қызмет өтінім берген елді мекен аумағында қолжетімді болады.

«Бүгінде азаматтар үшін уақытты үнемдеу мен мобильділік аса маңызды. Сондықтан біз мемлекеттік қызметтерді барынша ыңғайлы әрі қосымша баруды қажет етпейтін форматта ұсынуды дамытып келеміз. Дайын құжаттарды жеткізу қызметін іске қосу – цифрлық экожүйені дамытудағы кезекті қадам», деді мемлекеттік корпорация басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кетейік, өтінім сағат 17:00-ге дейін берілсе, құжаттар сол күні жеткізіледі. Ал өтінім кешірек рәсімделсе, тапсырыс келесі жұмыс күні орындалады.