Елімізде екі миллионға жуық бала бір мезетте танымал күйлерді орындады

0 216

Челлендж соңында министр мектептің 300 оқушысымен бірге халық күйін орындады.

Еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында #Күйкүмбірі республикалық челленджі өтті. Бір уақытта екі миллионға жуық бала Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» күйлерін орындады, деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Астанадағы Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі оқушыларының қатарына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қосылды. Челлендж қатысушыларына арнаған сөзінде ведомство басшысы соңғы уақытта елімізде домбырада ойнағысы келетіндердің саны едәуір артқанын атап өтті.

«Көнеден келе жатқан бұл ұлттық аспабымыз халқымыздың жанын, оның дәстүрі мен мәдениетін бейнелейді. Ұлттың рухын көтеріп, даңқын асқақтатқан домбыра біздің баға жетпес байлығымыз бен ұлттық символымызға айналды. Біздің оқушыларымыз, олармен бірге балабақшалардың кішкентай тәрбиеленушілері, колледж студенттері ұлттық аспапта ойнауға қызығушылық танытатыны қуантады. Бүгінде еліміздің әр өңірінде бір мезетте күйлер мен танымал композиторлардың шығармалары шырқалды. Олардың туындылары арқылы біздің мәдени құндылықтарымыз ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Біздің өскелең ұрпақ осы киелі өнерді ұлықтауды лайықты түрде жалғастырады деп сенемін», — деді Ғани Бейсембаев. 

Челлендж соңында министр мектептің 300 оқушысымен бірге халық күйін орындады. Мерекелік эстафетаға екі миллионға жуық қазақстандық бала қосылды. Челлендж соңында министр мектептің 300 оқушысымен бірге халық күйін орындады. Мерекелік эстафетаға екі миллионға жуық қазақстандық бала қосылды. Ең кішкентайлары — Абай облысы, Семей қаласындағы «Бақыт» балабақшасының тәрбиеленушілері.

Еске салсақ, домбырашылар челленджі Әз-Наурыз қарсаңында ұйымдастырылатын кең ауқымды республикалық акция. Ол былтыр алғаш рет министрліктің бастамасымен өткізілген болатын. Тек соңғы бір жылдың өзінде елімізде домбыра үйірмелерінің саны 5 есе артты. Бүгінгі таңда барлығы 2 мың үйірме жұмыс істейді. Оған 100 мыңнан астам жас домбырашы қатысады.